• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:43:50
Алматы
+35°

Әйгерім Жәкішева әкесінің бостандыққа шыққанына сене алмаған. Бұл туралы Мұхтар Жәкішевтің қызы 31 арнаға берген сұхбатында айтты. Әйгерім Жәкішева қазір Лондон қаласында тұрады. 

"Әкеме үкім оқылып жатқан кезде бізде сағат таңғы алты болатын. Менің телефоныма көптеген хаттар келді. Тіпті телефоным келген хаттар мен қоңыраулардан жарылуға жақын қалды. Әкемнің бостандыққа шығатынын естіген кезде сене алмадым. Бұған сенуге қорықтым. Себебі "қазір қуанып, кейін тағы бір оқиғалар орын алып, әкемді шығармай қояды" деп ойладым. Мен де, отбасым да қатты қуанды. Олар да қорықты, сене алмады. Біз енді 15 күн ішінде ешқандай өзгеріс болмаса екен деп дұға етеміз. Кімнің арқасында менің әкем бостандыққа шықты? Бұл сұраққа жауап беру өте қиын. Ешкім бұл сұраққа дұрыс жауап бере алмайтын шығар. Ал әкемді алғаш рет көрген кезде не айтатынымды білмеймін. Қатты құшақтайтын шығармын", - деді Әйгерім Жәкішева.

Еске салсақ, кеше "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының бұрынғы жетекшісі Мұхтар Жәкішевтің соты болды. Семей қалалық №2 соты шығарған шешімге сәйкес, Мұхтар Жәкішев шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шығады. Ол пробациялық бақылауға алынып, жаза мерзімі толық аяқталмайынша Қазақстан аумағынан шығарылмайды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір