• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 14:44:04
Алматы
+12°

04 Наурыз, 2020 NEWS

Маман коронавирустың мамыр айында жойылатыны туралы тараған ақпаратқа пікір білдірді

Осыған дейін әлемді алаңдатқан жұқпалы ауырудың мамыр айында жойылатыны туралы әлеуметтік желілерде ақпарат тарай бастаған болатын. Тіпті, бұл мәселеге қатысты БАҚ беттерінде коронавирустың ультрафиолетке төтеп бере алмайтыны, сондықтан мамыр айында толық жоғалатыны туралы да айтылған. Алайда бұл ақпараттың жаңсақ тұсы бар болып шықты.

Фото: ашық ақпарат көздерінен

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова айтты.

Людмила Бюрабекованың сөзінше, бұл коронавирустың мамыр айында жойылатыны туралы сұхбат берген маманның өзі сұрақты жаңсақ түсінген: 

"Эпидемиялық жағдай бойынша бұл болжам қисынға келмейді. Сұхбат берген маманның өзі интервьюдың телефонмен жүргізілгенін, сұрақты жаңсақ түсінгенін мойындады. Сондықтан, осындай болжам айтқан. Шын мәнінде, біз де болжамдар жасап отырмыз. Бірақ сәуірде немесе мамыр айында деп нақты ештеңе айта алмаймыз", – дейді Л. Бюрабекова. 

Осылайша, аталған комитет төрағасы коронавирустың нақты жойылу уақытын айта алмағанымен, өздері тарапынан да болжамдар жасалып жатқанын жасырып қала алмады.

Ал қоғамда күн райының жылынуына байланысты жұқпалы вирус өршіп кетпей ме деген алаң да жоқ емес. Оған себеп, өткір дерттің көбіне жылы жақтарда көбірек өршіп бара жатқаны болып отыр. Әзірге бұл мәселе төңірегінде нақты мәлімдеме жасалған жоқ.

Еске сала кетейік, қазіргі уақытта әлемде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 90 893 адамға жетіп, одан 3110 адам қайтыс болған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір