05 Наурыз, 2020 NEWS
Qamshy.kz
Жамбыл облысы Қордай ауданында қазақтар мен дүнгендер арасында болған этникалық жанжалдан кейін Масанчи ауылындағы ғимараттың үйіндісі астынан табылған мәйіт Мұрат Масановтың мүрдесі болып шықты. Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаменті хабарлады.
Органның хабарламасына қарғанда, үйінді астынан табылған мәйітті анықтау үшін Қордайда жанжал болғаны күні жоғалып кеткен Мұрат Масановтың туысқандарынан қан алынып, генетикалық сараптама жасалған. Сараптама қорытындысы мәйттің Мұрат Масанов екенін көрсеткен. Полицияның мәліметінше, Мұрат Масанов 20 жаста болған.
Бұған дейін бірқатар БАҚ Мұрат Масановтың жанжал болған күні кешке Масанчидің жанындағы Қарасай ауылындағы туыстарына барам деп үйден шығып кетіп, қайтып оралмағанын жазған болатын. Кейін оның өртенген көлігі 8 ақпанда Масанчи ауылының маңынан табылғаны белгілі болды.
Ақпанның жетісінен сегізіне қарған түні Жамбыл облысы Қордай ауданындағы бірнеше ауылда этникалық қазақтар мен дүнгендер арасында жанжал болып, ресми дерек бойынша, 10 адам қаза тауып, 180-нен аса адам зардап шеккен. Осы оқиғадан кейін екі-үш күннен соң жанжал болған Масанчи ауылында қираған ғимараттан тағы бір адамның мүрдесі табылған еді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір