• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:33:55
Алматы
+35°

ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қарағандыда бейбіт митинг өткізу бойынша заң жобасын талқылау бойынша ашық алаңда қоғам белсенділерінің, журналистердің, ғалымдардың сұрақтарына жауап беруде, BAQ.KZ.

 

Министр өз сөзінде митингтен қорықпайтындығын, сол себепті де қоғамдық тыңдалым өткізіп, халықтың пікірін білуді мақсат ететіндігін айтты.
 
– Аталған заң жобасын халықтың жүз пайызы қолдап отыр деп ойламаймын. Кейбір адамдар митингке шыққысы келеді, ал кейбіреуі бұған қарсы. Сондықтан да осылай жиналып, тыңдалым өткізу арқылы бір балансқа келуіміз керек. Яғни, өз ойын айтқысы келетіндер басқа тұрғындарға кедергі келтірмеуі керек, – дейді Дәурен Абаев.
 
Оның айтуынша, жаңа заң бойынша халықтың айтарына шектеу қойылмайтын болады.
 
– Біз митингтен қорықпаймыз. Біздің ойымызша, митинг заңды түрде, айқай-шусыз өтіп, адамдар өздерінің талаптарын, ойларын жеткізуі қажет. Пиар емес. Басты мақсат – халық өз ойын жеткізуі керек. Осы заң аясында адамдар өз проблемасын айтып немесе идеясын айта алатындай мүмкіншілік береміз. Қалған мәселенің көпшілігі заңдық техника. Бастысы заң жұмыс істесе, адамдар өз ойын айта алса этика да қалыптасады, – деді ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір