• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:03:20
Алматы
+35°

Қытайда 52 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп шықты. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтты.

– Қазіргі таңда Қытайда коронавируспен 80 565 адам тіркелді. Вирусты жұқтырғандар бір тәулікте 139 адамға өсіп отыр. Ол 0,18 пайыз өсімді құрайды. Қайтыс болғандар саны 3 015 адам. Бұл 3,7 пайызды құрайды. Емделіп шыққандар 52 109 адам, яғни 64,6 пайыз болса, стационарларда әзірге емделіп жатқан 25 441 науқас бар, – деді Ахметшәріп.

Оның айтуынша, қайтыс болғандардың орташа жасы 75-те, ең кішісі - 48, ал жасы үлкені 89-да. Әлем бойынша 79 елде 14 747 науқас тіркелген. Тәулік бойынша науқастар 17,2 %-ға өскен, оның 271-і қайтыс болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір