09 Наурыз, 2020 Спорт
Қытайда тұратын Тоқтарбек Токио Олимпиадасына жолдама алды
Иә, Тоқтарбек Таңатханұлы 75 келі салмақта Қытай Ұлттық құрамасының сапынан Олимпиада жолдамасын ұтып алды. Ал бұл салмақта қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл да Олимпиада ойындарына лицензия ұтып алған болатын. Осылайша, Токио олимпиадасында қос қазақ қолғап түйістіруі мүмкін екені айтылуда.
Фото: inform.kz
Бұл туралы Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде белгілі болды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Белгілі болғандай, Тоқтарбек Таңатханұлы бүгінгі таңда 75 келі салмақта Қытайдың ең мықты боксшыларының бірі екенін тағы да дәлелдеген.
Боксшы туралы қысқа ақпаратта Қытайдың Шыңжаң өңірінде 1996 жылы дүниеге келгені деректелген.
Осылайша, Токио олимпиадасында бір салмақта қатар өнер көрсететін қос қазақтың өзара қолғап түйістіруі мүмкін екені де айтылуда.
Еске сала кетейік, 75 келі салмақта осыған дейін қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл да Олимпиада ойындарына лицензия ұтып алған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір