• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 19:46:57
Алматы
+12°

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының жетекшісі Тілеухан Әбілдаевтың мәлімдеуінше, Алматыда бүгін 7 адамнан қауіпті вирус табылды. Оның ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 жасар бүлдіршін де бар. Ол Куршевель – Берлин – Алматы чартерлік рейсімен ұшып келген. 13 наурызда карантинге жатқызылған 12 адамның бірі екен. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Алматыда коронавируспен ауруханаға түскендердің саны 15 адамға жетті. Екеуі бұған дейін коронавирусы расталған адаммен байланыста болғандар. Олар да карантинде жатқан екен. Барлық науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Жалпы Алматыда 729 адам стационарлық, ал 760 адам үй карантинінде жатыр. Ал, кеше 1986 жылы туған Стамбул – Алматы рейсімен келген қыздан коронавирус инфекциясы анықталған еді. Қаланың Бас дәрігері ол қыздың неліктен карантинге орналастырылмағанын түсіндірді.

– Бұл қыз ешбір санатқа кірмейтін елден ұшып келгендіктен, үйдегі карантинге орналастырылмаған. Кеше оның зертханалық талдаулары расталды. Осылайша, ол қаланың инфекциялық стационарына емдеуге жатқызылды. Бүгінде онымен қатынаста болған барлық адамдар табылып провизорлық стационарға карантинге орналастырылды, – деді Әбілдаев. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір