18 Наурыз, 2020 NEWS
ulusalpost.com
Аустралияның Квинсленд университеті клиникалық зерттеу орталығының зерттеушілері сынақтан өткізу барысында бірден екі вакцинаның тиімділігін көрсеткенін айтады. Бұл туралы Baq.kz хабарлады.
Daily Mail басылымының хабарлауынша, оның біріншісі АҚТҚ-мен күресте пайдаланатын дәрілік зат болса, екіншісі безгекке қарсы хлорохин.
Ғалымдар таяуда осы екі препарат арқылы клиникалық сынақ жасалатындығын мәлімдеді.
Бұл дәрілік заттар COVID-19 вирусымен күресте тиімділігін көрсеткен әрі бірнеше науқаста нәтижесін берген. ВИЧ препаратымен емделген науқастардың алғашқы толқыны емді жақсы қабылдаған.
Ал жаппай зерттеулер наурыз айының аяғына жоспарланып отыр. Ғалымдар жоғарыда аталған препараттардың коронавирусты жеңуде әмбебап болатындығына сенім білдіруде.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір