18 Наурыз, 2020 NEWS
Көрнекі сурет
Алматы әкімдігі карантин кезінде қай базарлар жұмыс істеп, қайсысы жабылатыны туралы айтты.
Әкімдік дерегінше, қалада барлығы 52 базар бар. Соның ішінде, 6 азық-түлік базары карантин кезінде де жұмыс істей беріді. Олар: "Жұлдыз", "Барыс-4", "Береке", "Қарасу", "Саудакент", "Ақ-Бұлақ" базарлары.
Ал қаладағы 17 әмбебап базардың тек азық-түлік қатарлары ашық тұрады. Олар: "Тастақ", "Кәрім", "Ақсай-3", "Арыстан", "Сарыарқа", "Орбита", "Айнабұлақ", "Сәлем", "Верненский", "Көк базар", "Таусамалы", "Барлық", "Мехриниса", "Түрксіб", "Керуен", "Алматы-1", "Жетісу-Семиречье".
Ал Алматыдағы азық-түлік емес, басқа тауарлар сататын 29 базар – "Арлан", "Кенжехан", "Қазына", "Өжет", "Үш-Қоңыр", "Ақбұлақ", "Алатау", "Еуразия", "Саяхат", "Азия", "Сауран", "Жібек-Жолы", "Тұлпар", "Тигрохауд", "Алатау-1", "Дәстүр", "Олжа", "Юпитер", "Байсат", "Рахат КЗ", "Ялан-2", "Батыр", "Рахат", "Барыс", "Нұрсат", "Ақ-бұлақ", "Бахар", "Үміт", "Алтай" карантинге байланысты жабылап жатыр.
Алматыдағы сауда ойын-сауық орталықтарында (СОО), сауда орталықтарында (СО) және сауда үйлерінде (СҮ) орналасқан дәріхана бөлімшелері, екінші деңгейлі банктер мен азық-түлік дүкендерінен басқа барлық 24 СОО, 38 СО және 58 СҮ карантинге жабылды.
Әкімдіктің хабарлауынша, қалада 3 378 азық-түлік дүкені ашық тұр. Ал азық-түлік емес, басқа тауарлар сататын 2 263 дүкен жабылды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір