• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
31 Наурыз, 00:47:08
Шыңжаңдық дүнген: Дереу қазақтардан кешірім сұраңдар! (аудио)

18 Наурыз, 2020 NEWS

Е.Саиров: Қазақстанда биліктің эволюциялық моделі құрылуда

Strategy2050.kz

Саясаттанушы Ерлан Саиров Қазақстанда биліктің эволюциялық моделі құрылып жатқаны туралы айтты деп жазады Strategy2050.kz

– Біздің елде биліктің бейбіт түрде ауысқанына бір жыл толды. Бұл өзгерістің басты ерекшелігі үрдістің бейбіт әрі өз еркімен болғаны. Бұл біздің елдегі билік трансформациясын түсіндіретін маңызды сәт. Трансформация еліміз үшін саяси тарихи кезеңде орын алды. Қоғамда пікірлердің алуандығы пайда болды, жастар олардың көзқарасынша әділетті әрі радикалды реформалардың болуын қалады, – деді Е.Саиров.

Сонымен қатар, саясаттанушы Қазақстанда биліктің эволюциялық моделі құрылып жатқанын айтты.

– Бізде биліктің эволюциялық моделі құрылуда. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев заңнамалық әрі конституциялық деңгейде билікті ауыстыруға бейбіт әрі лигитімді негіз қалыптастарды. Осылайша, билікті бейбіт түрде жаңа кезеңге сабақтастырды, – деді Е.Саиров.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір