• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 19:47:09
Алматы
+12°

Алматыда тағы 3 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды. Қазір жұқпалы аурулар ауруханасында КВИ расталған 22 пациент бар. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев брифингте айтты. 

 

– Бүгін жатқызылған 3 адамның бірі – әйел адам шетелден келген азаматтармен байланыста болған. Құрғақ жөтел, тамақ қырылдауы, кеуде ауырып, құлақтың бітелуі сияқты симптомдар болған соң одан 18 наурызда тест алынған болатын. Бүгін тест нәтижесі расталды. Екінші пациент - Берлин-Алматы чартерлік рейсінің бортсерігі. 12 наурыздан ұшып келген күннен бастап жұқпалы аурулар ауруханасында карантинде болды. Үшінші пациент - 1997 жылы туған ер адам 19 наурызда Париж-Минск-Алматы рейсімен ұшып келген. Қазір тест көрсеткіші расталған соң ол провизорлық клиникадан қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды, – деді Әбілдаев.

Ол қазіргі уақытта 20 науқастың жағдайы ойдағыдай және олардың барлығының денсаулығы жақсара бастағанын атап өтті. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір