• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 12:59:12
Алматы
+12°

Қызылордалық полицейлер төтенше жағдай режимін бұзған төрт кафе иесін жауапқа тартты, деп хабарлады Polisia.kz .  

Елдегі коронавирусқа байланысты түнгі рейдте облыс бойынша 303-ке жуық кафе-мейрамханаға тексеру жүргізілді. Тексеру барысында 4 кафе иесі енгізілген төтенше жағдай режиміне қарамастан өз жұмысын жалғастырғаны анықталды. 2 кафе облыс орталығында, 2 кафе Жаңақорған ауданында тәртіпті бұзып жұыс істеген.

Аталған мекемелердің әкімшілігіне ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабына сай “Төтенше жағдай режимін бұзу” әкімшілік хаттамалары толтырылды. Тиісті шара қолдану үшін жинақталған құжаттар сотқа жолданды.

Полиция департаментінің хабарлауынша, ірі сауда нысандарының жұмыс істеу уақытына 10.00 мен 18.00, ал киім-кешек сататын базарлар үшін 11.00-ден 17.00-ге дейін шектеу енгізілді. Дәмхана мен мейрамханаларға келушілердің саны 50 адамнан аспауы тиіс және қабылдау уақыты 22.00-ге дейін.

Аталған шектеулерді орындамағаны үшін ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің “Төтенше жағдай режимін бұзу” туралы 476-бабы бойынша 10 АЕК айыппұл немесе 15 тәулікке қамау түрінде жаза көзделген. Билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін тәртіп бұзушыларға ҚР Қылмыстық кодексінің 379-бабы бойынша 2000 АЕК көлемінде айыппұл немесе 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

Осыған орай, полиция қызметкерлері құқық қорғау органдарының іс- әрекеттеріне түсіністікпен қарауды және төтенше жағдай кезінде азаматтардың қауіпсіздігі мен тәртібін қамтамасыз етуге байланысты қажетті шектеулерге назар аударуды сұрайды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір