• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:36:59
Алматы
+35°

Фото: оқиғаға сәйкесінше ашық дереккөздерден

Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы облыстық ТЖД Баспасөз қызметі дерегіне сүйеніп хабарлайды.

Дереккөз мәліметінше, көлікте жүргізуші жалғыз болған.

«...Талдықорған қаласына қарасты Қызылтас саяжайы маңында жеңіл автокөліктің жүргізушісі көлікті басқара алмай, Қаратал өзеніне түсіп кеткен. Оның автокөлігі өзеннің ағысымен төмен құлдилаған. Көлікте жүргізуші жалғыз болған»,- деп мәлімдеді Алматы облыстық ТЖД Баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, жанталаса көліктен шығып, бірақ жағаға жетпей суға батуға айналған жүргізушіге саяжайдың 1995 жылғы тұрғыны көмекке жеткен.

Өзгенің өмірін сақап қалған оқиға куәгері Ержан Баяхметовтың айтуынша, ол жүргізушіні ес-түссіз күйде судан шығарған. Осы аралықта ол алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған.

«Адам өмірін құтқарғаны үшін Ержан Баяхметов марапатқа ұсынылады»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір