• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 07:29:03
Алматы
+35°

Бүгін, 2 сәуірде коронавирус жұқтырғаны анықталған Шымкент қаласындағы сегіз адам да  бұған дейін індет жұқтырған азаматтың отбасы мүшелері мен туыстары.  Бұл ақпаратты Coronavirus2020.kz cайты хабарлады.

Сайт жариялаған ақпаратқа қарғанда, науқастар қазіргі уақытта Шымкент қалалық жұқпалы аурулар аурханасына оқшауланып, ем қабылдап жатыр. Олармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазір Шымкент қаласында коронавирус жұқтырған 11 адам бар. Бұл қалада ең бірінші Нұр-Сұлтаннан автобуспен келген ер адамнан вирус табылған. Кейін оның анасынан да вирус анықталды. 



"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір