• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 18:32:54
Алматы
+35°

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті 2011 жылы бұрынғы 1985 жылы ашылған шетелдіктерге арналған дайындық факультеті негізінде құрылды. Факультет тарихы біздің университетіміздің сексен бес жылдық тарихының бір бөлігі. Біздің факультет туралы толық мәліметті www.kaznu.kz сайтынан алуға болады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті білім беру саласында әлемнің 100-ден аса елдерімен тығыз қарым-қатынас жасайды. Қазіргі кезеңде университет өзінің халықаралық байланысын жетілдіре отырып, сенімді Университетте білім алушыларға жан-жақты жағдай жасалған. Әсем оқу ғимараттары, кітапхана, жайлы жатақхана мен асхана, емхана, студенттер сарайы, спорт кешені, жаздық спорттық-демалыс үйлері, қызметкерлер мен студенттерге арналған кешенді қызмет көрсету орталығы бар. Университеттің «Әл-Фараби» ғылыми кітапханасы – бүгінгі таңда Қазақстандағы ең көне, ең ірі, жоғары оқу орындары кітапханалардың бірі. Кітапхана қорында 2 млн-нан астам басылым сақталған. Жыл сайын 50-60 мың басылыммен толықтырылады. Сенімді  түрде Еуропалық білім беру кеңістігіне енуде. Университет Қазақстандағы аса ірі интернет желісіне қосылған.

3500 заманауи компьютер корпаративтік жүйеге қосылған. Қазақ ұлттық университеті – ТМД елдері арасындағы студенттер сарайы бар бірегей университет. Ө. Жолдасбеков атындағы сарайы – ҚазҰУ қалашығының інжу-маржаны. Салауатты өмір салтын сақтау үшін заманауи спорт кешені университетте спортпен айналысуға барлық жағдай жасалған. Олимпиада жеңімпазы Баландин атындағы суға жүзу бассейні, ашық және жабық стадиондары, футзалы бар. Студенттерге қызмет көрсету орталығы «Кереметте» – оқытушылар мен студенттерге заманауи жоғары технологиялық құрал-жабдықтармен медициналық көмек көрсетіледі. Егер сіз Қазақстандағы ең жоғары дәрежелі оқу орнында оқып, сапалы білім алып,

Оқу мерзімі – 9 ай (қазан-маусым) Дәрістер қазан айынан басталады. Аптасына – 36 сағат. Оқытылатын пәндер: математикалық сауаттылық, Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы қазақ тілі/әдебиеті, математика, физика, химия, биология, дүниежүзі тарихы, география, ағылшын тілі.

Оқытудың оқу бағдарламасын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің озық әдіс-тәсілдерін меңгерген тәжірбиелі ұстаздар іске асырады.

Оқу мерзімі 01.10.2019 ж. – 30.06.2020 ж.

Кешенді тестілеуде жоғары балл жинағыңыз келсе, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетіне келіңіз.

ҚазҰУ-дың аға оқытушысы

Р.Т. Наралиева,

А.К. Бегалиева

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір