• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:56:05
Алматы
+35°

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 6 оқушысы Назарбаев Университетінің Direct бөліміне түсті. Зияткерлік мектептің 12-сынып оқушылары  Айгерім Шораева, Даяна Булатбекова, Айжұлдыз Надирханова, Әмірбек Сағызбаев, Ғаламмадин Асқар, Іңкәр Оңаш «Computer Science», «School of Engineering», «Digital Sciences» мамандықтарын таңдаған.

Білім грантын алған оқушыларымыз оқуда озат және университет талап еткен барлық емтихандарды (IELTS,SAT, NUFYPET) сәтті тапсырып, жоғары нәтиже көрсетті.

Назарбаев университетіне түскен 6 оқушының біреуі ғана университетте білім алатынын нақтылады. Бір түлегіміз Оңтүстік Кореядағы оқу орнына түсуіне байланысты бас тартты. Қалған оқушыларымыз ойлану үстінде. Өйткені олар басқа да университеттерге құжат тапсырған еді. Солардың жауабын күтіп жүр, - дейді кәсіби бағдар беру бойынша кеңесші Асел Исмаханбетова.

Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен биыл 162 түлек қоштасады. Бұл мектептің бес жылдық тарихындағы саны ең көп түлек. Сондықтан, қазірдің өзінде 12-сынып оқушылары өз мүмкіндіктерін сынап, білім гранттары үшін бәсекеге түсіп жатыр. Жалпы Назарбаев Университетіне білім ордасынан 70-тен аса түлек оқуға өтінім тапсырған.

Аталған университетке түсетін балалардың саны әлі де артады деп отырмыз. Өйткені жоғары оқу орны ерте түсімді ғана қарастырып, грант беру туралы шешім қабылдады. Әлі өтінімдер қаралу үстінде дейді, - Асел Бахитқызы.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір