• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 19:56:09
Алматы
+12°

Алматы қаласындағы 17 сәуір күнгі эпидемиологиялық жағдай туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев баяндады. Қалада коронавирустық инфекцияны жұқтырған 461 оқиға тіркелді.

Сонымен қатар, тіркелген 63 адамның арасында 2004 жылы туылған бала да бар. Орталық қалалық клиникалық аурухананың 10 медицина қызметкері, ЖРВИ белгілері бар осы стационардың екі емделушісі, жедел медициналық жәрдем қызметінің 1 қызметкері, № 7 Қалалық клиникалық аурухананың 2 қызметкері, №12 қалалық емхананың 2 қызметкері, Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының екі қызметкері және оқшаудағы жандармен байланыста болған 44 адам, оның 21-інде ЖРВИ және пневмония белгілері бар.

Бүгінгі таңда мегаполистің жұқпалы аурулар стационарларында емделіп жатқан Алматы облысының науқастарымен қоса алғанда 392 адам коронавирустық инфекциядан емделіп жатыр. Бір науқастың жағдайы өте ауыр, 4-уі ауыр, 92-і орташа ауыр, 295-і қанағаттанарлық деңгейде.

– Соvid-19 індетін жұқтырған медициналық қызметкерлердің жалпы саны 234-ке жетті. Олардың арасында 193 қалалық орталық аурухананың медициналық- санитарлық қызметкерлері, 31 қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының, N7 Қалалық клиникалық аурухананың 2 қызметкері, жедел медициналық жәрдемнің 3 қызметкері, N12 қалалық емхананың 3 қызметкері, N11 және N32 қалалық емханалардың бір-бір қызметкері бар. Қалалық провизорлық орталықтарда емделіп жатқан 356 адамның ішінде 18 бала бар. Сонымен қатар, карантиндік оқшаулануда 422 адам, олардың 7-уі бала және 7992 адам үйде карантиндік оқшаулануда, – деді басқарма басшысы.

Кейбір БАҚ-та COVID-19 коронавирусымен күрес аясында эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлеріне үстеме ақының төленбегені жөнінде ақпараттың жария болғанына қатысты түсініктеме берді.

– Аталған факті бойынша барлық жұмыс істеген сағаттар үшін Мемкомиссия санаттарының тәуекел тізіміне кіретін медицина қызметкерлері толық көлемде алғандығын ресми түрде мәлімдеймін. Естеріңізге сала кетсем, Мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тәуекелдің үш тобына жататын медицина қызметкерлері үстемақы алуға құқылы. Олардың қатарында реанимация бөлімшелері, инфекциялық стационарлар, провизорлық стационарлар және жедел жәрдем, карантиндік стационарлар, санитарлық дәрігерлер, жедел жәрдемнің жүргізушілері және т.б. дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкерлері бар, – деп атап көрсетті.

Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы мен қызметі, жедел медициналық көмек көрсету орталықтарында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, негізгі ережелер таныстырылды. Бұйрық негізінде кімнің жалақысына үстемақы қосылатыны туралы айтылды.

Ал осы бұйрық негізінде тәуекел тобына кірмеген қызметкерлерге медициналық ұйымдардың жалақы қорынан қаржылай қолдау көрсету туралы шешім қабылданды. Мұндай материалдық қолдау медицина қызметкерлерін ынталандыру және қолдау үшін өте маңызды.

– Сондай-ақ, төлемдер "ҚР Салық кодексіне" сәйкес барлық салықтарды ескере отырып, айлық жұмыс балансынан аспайтын нақты жұмыс істеген уақыты үшін жүргізілетінін еске салғым келеді, – деп толықтырды Т. Әбілдаев.

Бүгінгі таңда 3758 қызметкерге, оның ішінде 498 дәрігер, 1800 орта медициналық қызметкер, 624 кіші медициналық қызметкер және 836 басқа қызметкерлер, оның ішінде 822 жедел медициналық көмек қызметінің жүргізушілеріне үстеме төленді.

Төленіп отырған үстеменің жалпы сомасы 1 134,8 млн.теңгені құрады. Қазіргі уақытта жедел медициналық көмек қызметінің қызметкерлеріне үстеме төлемдер төленуде, осылайша барлық медицина қызметкерлері 100%-ға қамтылатын болады.

СОVID-19 індетін жұқтырған медицина қызметкерлеріне 2 млн тг көлемінде төлемақы төленеді. Бұл төлем ҚР ДСМ комиссиясының эпидемиологиялық тексеруінен кейін төленеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір