20 Сәуір, 2020 NEWS
Көрнекі сурет
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңге төлеуге өтінім қабылдау әкімдіктер өтінім қабылдайтын арнаулы жүйені іске қосқан соң басталатанын хабарлады.
Коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу тәртібі ағымдағы жылдың 18 сәуірінде бекітілді және бүгінгі таңда әкімдіктер өтінімдерді қабылдау үшін call-орталықтар мен ақпараттық ресурстар құру бойынша шұғыл шаралар қабылдап жатыр. Әкімдіктер өтінімдерді қабылдайтын арнаулы жүйені дайындағаннан кейін ол туралы жергілікті тұрғындарды хабарландырады.
"Мемлекет ағымдағы жылдың сәуір және мамыр айлары үшін коммуналдық қызметтерге ақы төлейді, сондықтан өтінім беруге асықпау қажет. Өйткені барлық өтініштер мамыр айын қоса алғандағы кезеңде қабылданады.
Өтінімдер call-орталықтар мен ақпараттық жүйелер арқылы қабылданады. Әкімдіктерге тұтынушының жеке сәйкестендіру нөмірін, әлеуметтік мәртебесін және есепшотының деректерін ұсыну қажет" делінген ақпараттық хабарламада.
Әкімдіктер және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсыныстарының негізінде мынадай санаттағы адамдардың коммуналдық қызметтеріне төлем жүргізіледі:
1) 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер;
2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
3) мүгедек балаларды тәрбиелеушi отбасылар;
4) көпбалалы отбасылар;
5) ең төмен және аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;
6) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
7) атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер.
15 мың теңге мөлшеріндегі төлем ай сайын коммуналдық қызметтерді тұтынушылардың есепшотына (абоненттік шотқа) жіберілетін болады. Яғни оны ешкім қолма-қол немесе карточкасы арқылы алмайды.
Көмек коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен өз атынан шарт жасасқан және карантин енгізілген елді мекенде тұратын көрсетілген санаттардағы адамдарға көрсетілетін болады.
Мүгедек балаларды тәрбиелеушi отбасылар, көпбалалы отбасылар және қызметiн орындау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына келсек, олардың отбасының бір мүшесінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен шарт жасалған болуы тиіс.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір