20 Сәуір, 2020 NEWS
Reuters
Гонконгта коронавирустың бірде-бір жаңа жағдайы тіркелмеді. Бұл туралы Қамшы тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Дегенмен Гонконг денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарды қатаң гигиеналық тазалықты сақтауға, әлеуметтік оқшаулануды жалғастыруға және қажетсіз сапарға шықпауға шақырды.
Гонконкта індет басталғаннан бері 1025 жағдай мен төрт адамның өлімі тіркелген.
Кеше жаңа вирус жұқтырушы тіркелмеді. Бұндай жағдай оларда 5 наурыздан бері бірінші рет болған.
Reuters-тың мәліметінше, гонконгтықтардың барлығы дерлік маска тағады. Кеңсе ғимараттары, коммерциялық орталықтар мен мемлекеттік мекемелерде дене қызуын тексереді.
Ақысыз санитарлық тазартқыштар кеңінен қолжетімді.
Гонконг төрт адамнан көп адам жиналысына 29 наурыздан бастап тыйым салған және кейіннен бұл шектеуді 23 сәуірге дейін ұзартқан.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір