24 Сәуір, 2020 Саясат
The Economist
Батыс басылымдарында Ким Чен Ынның отадан кейін өмір үшін күресіп жатқаны туралы ақпарат пайда болғаннан бері Ким отбасының биліктен тайдырылуы, ядролық соғыс қаупі жайында болжамдар айтылуда. Бұл туралы Қамшы тілшісі Англиялық Daily Express басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Сарапшылар Ким Чен Ынның өлімі аймақтың саяси жағдайын шайқалтады, босқындардың үлкен ағымын тудырады, АҚШ, Оңтүстік Корея және басқа да аймақтық одақтастарды шиеленістермен күресуге мәжбүр етеді деп санайды. Тіпті, ядролық соғыс қаупі туатынын айтады.
Отставкадағы генерал-лейтенант, Оңтүстік Кореяның арнайы операциялық күштерінің бұрынғы басшысы Чун Ин-Бум АҚШ Military Times газетінде «Ким Чен Ынның өлімі салдарынан хаос, қайғылы жағдайлар, тұрақсыздық және барлығына жағымсыз жаңалықтар» болатынын айтты.
Ол Оңтүстік Корея мен АҚШ одақтас болғаннан кейін Солтүстік Кореяға кіру туралы кез келген жоспарлардың қайғылы салдары болуы мүмкін екенін ескертті.
– Біз не істейміз? Солтүстік Кореяға кіреміз бе? Қытайлар кірсін... Солтүстік Корея – егемен ел. Оған кірген кез келген адам, оның ішінде қытайлар кірсе де ақымақ болар еді... Оңтүстік Корея – АҚШ альянсының қатерлі жоспары бар. Егер, АҚШ не Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяға кірсе, бұл бізді ядролық соғысқа итермелейді, – дейді ол.
Ал, бұрынғы АҚШ әскери қызметкері, полковник, қазіргі Демократияны қорғау қорының аға ғылыми қызметкері Дэвид Максвелл "нақты мұрагерліктің болмауы Солтүстік Кореядағы хаосты қоздырады" дейді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір