• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қазан, 10:29:50
Алматы
+9°

Қызылорда полицейлері төтенше жағдай кезінде ауызашар ұйымдастырған тәртіп бұзушыларды жауапқа тартты. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

"26 сәуірде облыс орталығының тұрғыны өзінің үйінде "ауызашар" ұйымдастырып, қаланың әр түкпірінде тұратын достарын шақырған. Кешкі астан кейін олар кездесуді моншада шомылумен жалғастырған" делінген департамент таратқан хабаламада.

Қазіргі уақытта ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 476-бабына сәйкес (төтенше жағдай режимiн бұзу) 5 азаматқа қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, жинақталған құжаттар сотқа жолданды. Сот шешімімен тәртіп бұзушыларға айыппұл салынды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір