• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қазан, 04:16:59
Алматы
+9°

24 Қазан, 2024 NEWS

Түркиядағы теракт құрбандарының саны артты

Түркияның Анкара қаласында болған теракт салдарынан қаза тапқандар саны артты.

ашық дереккөзден

Turkish Aerospace (TUSAŞ) аэроғарыш компаниясының штаб-пәтеріндегі қайғылы жағдайдан кем дегенде бес адам көз жұмып, 22 адам жарақат алған.

- Теракт салдарынан қаза тапқандар саны бес адамға дейін артты. Жалпы жараланғандар - 22 адам, олардың үшеуі ауруханадан шықты, - деп атап өтті Түркияның ІІМ Әли Ерликая жергілікті телеарнаға берген сұхбатында.

Министрдің айтуынша, шабуыл елде тыйым салынған Курдистан жұмыс партиясымен байланысты болуы мүмкін.

Бұған дейін Ерликая шабуыл жасаған екі лаңкестің көзі жойылғанын айтқан еді.

Еске салсақ, Анкара маңында орналасқан Turkish Aerospace (TUSAŞ) аэроғарыш компаниясының нысанында теракт болды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Анкара теракт

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір