• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 13:40:37
Алматы
+12°

Түркістан облысында полицейлер төтенше жағдай кезінде 700-ге жуық құқықбұзушылықты анықтап, 93 тұрғынды қамауға алды. Бұл туралы полиция департаментінің facebook парақшасында хабарланды.

Түркістандық полицейлер төтенше жағдай кезінде тәртіпке бағынбай, заңға қайшы өрескел әрекет жасаушыларды анықтады. Атап айтсақ, облыс бойынша ҚР Әкімшілі құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы (Төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша 693 жайт анықталды.

Оның ішінде 206 тұрғынға соттың шешімімен әкімшілік айыппұл (5 461 060тг) салынды. 226 азаматқа ескерту беріліп, 93 азамат әкімшілік қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотта 168 іс қаралу үстінде.

Бұл құқықбұзушылық жасаған азаматтардың бірі 19-сәуірден бастап облыс бойынша карантин енгізілгеніне қарамастан, Түркістан қаласында көше бойында орналасқан асханалардың бірінде азаматтарды қабылдап, тамақтануға рұқсат бергені үшін жауапқа тартылды.

Ордабасы АПБ-нің жеке құрам қызметкерлері де төтенше жағдайға байланысты күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Күнделікті тексеру жұмыстары барысында Ордабасы ауданында Шұбарсу елді мекенінде орналасқан автокөлік жуу орны шектеулерге қарамастан жұмыс істеп тұрғаны белгілі болды.

Аталған жайт бойынша автокөлік жуу орнының егесіне қатысты ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы яғни (Төтенше жағдай режимiн бұзу) бойынша хаттама толтырылып, сот қарауына жолданды.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға белгіленген шектеулерді қатаң сақтап, тәртіпке бағыныңыздар деп кеңес береді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір