• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 07:47:25
Алматы
+12°

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Түркістан облысындағы су басқан ауыл тұрғындарына көмек көрсетуді тапсырды.

"Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылу салдарынан Түркістан обл. Жеңіс және Жаңа тұрмыс ауылдарын су басты. Бүгін ПМ А.Мамин мен облыс әкімі Ө.Шөкеев ауыл тұрғындарын эвакуациялау бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады. Зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуді тапсырдым, делінген президенттің twitter-дегі жазбасында.

Кеше, 1 мамырда Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті нөсер жаңбыр мен қатты жел салдарынан жарылып, Түркістан облысы Мақтаарал ауданының Жаңа тұрмыс, Жеңіс, Нұрлы жол ауылдарын су басқан.

Елдімекендердің 5400 тұрғыны аудан орталығы Мырзакентте орналасқан Мырзакент мектеп-гимназиясына, С.Рахымов атындағы жалпы орта мектебіне, Пушкин, Абылайхан орта мектептеріне эвакуацияланған.

Елдімекендерден тұрғындарды көшіруге 450 полицей жұмылдырылды. Халықты эвакуациялау үшін Мақтаарал, Жетісай және Сарыағаш АПБ жеке құрамы мен Ұлттық ұланнан 250 әскери атсалысты.

Апаттық-құтқару жұмыстарына төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 138 адам, 8 техника тартылған. Ұлттық гвардияның 6506 бөлімшесінен 300 адам, 300 орындық 6 автобус, 120 орындық 4 КамАЗ, аудандық полиция бөлімінен 7 техника және 70 қызметкер көмекке келген. Ал жергілікті атқарушы органнан 40 қызметкер, 5 техника тартылды.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Мақтарал Су басу

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір