• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 16:31:36
Алматы
+12°

Статистика комитеті 2019 жылғы сәуір мен 2020 жылғы сәуір аралығында азық-түлік тауарлары 10,4 пайызға қымбаттағанын хабарлады.

Нан өнімдері және жармалар, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май және тоңмай, кондитерлік өнімдер, жаңа жиналған көкөністер мен жемістер, алкогольсіз сусындар және алкогольді ішімдіктер қымбаттаған. Ал қант бағасы керісінше арзандаған.

Жарма өнімдері тобына жататын қарақұмықтың орташа бағасы килограмына 349 теңгені (2019 жылғы сәуірде – 243 теңге), сұлы жармасы – 357 теңгені (334 теңге), сөкке – 372 теңгені (285 теңге), күріш 373 теңгені (333 теңге) құраған.

Құмшекердің орташа бағасы 2020 жылғы сәуірде килограмына 213 теңгеге, 2019 жылғы сәуірде 243 теңгеге тең болды.

Сүт өнімдеріне жататын сүзбенің орташа бағасы килограмына 1637 теңге (2019 жылғы сәүірде – 1562 теңге), қаймақ – 1136 теңге (1050 теңге), айран – 305 теңге (285 теңге), пастерленген сүт 260 теңге (240 теңге) шамасында.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Азық-түлік бағасы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір