ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен су тасқынынан зардап шеккен халыққа жан-жақты көмек көрсетілуде.
Соңғы күндері Мақтаарал және Жетісай аудандарының елді-мекендері апат салдарынан нағыз соғыс майданына айналды.
Алматы қаласының әкімі, «Nur Otan» партиясының қалалық филиалының төрағасы Бақытжан Сағынтаевтың бұйрығымен соңғы күндері біраз гуманитарлық көмек жиналды. Бұл бастамаға партияның депутаттық фракция мүшелері – депутаттар, қатардағы партия мүшелері қаржылай қолдау білдіріп, көмектесіп жатыр.
Елбасымыздың бастамасымен басталған BizBirgemiz акциясы аясында Алматы қаласы әкімдігі мен партияның Алматы қалалық филиалы тарапынан Түркістан облысында зардап шеккен азаматтарға 70 тоннадан астам гуманитарлық көмек, соның ішінде киім-кешек, төсек орындар, азық-түлік, гигиеналық құралдар, ұн және т. б. заттар жөнелтілді.
Сонымен қатар "Jas Otan" еріктілері эвакуациялау пункттері мен азық-түлік, киім-кешек, төсек орындары, гигиеналық құралдарын тарату жұмыстарына қатысады.
Аз уақыттың ішінде көптеген алматылықтар, соның ішінде "Nur Otan" партиясының мүшелері және бей-жай қарамайтын тұрғындар шақыруға үн қатты.
Қайырымдық қызмет ашықтық, айқындық пен есеп беруді талап етеді. Осы талаптарды басшылыққа ала отырып көмек көрсеткен азаматтар мен мекемелердің тізімі дайындалды.
Атап айтсақ «Жаңа Алатау» қоры, «Metall Prom», «Казлегпром-Алматы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, «Эйр Астана» Акционерлік қоғамы, кәсіпкерлер, партия мүшесі Мұхтар Зулеев, қалалық мәслихат депутаты Ерболат Қасымов және т. б бар.
Пікір қалдыру
пікір