• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 06:27:17
Алматы
+12°

Коронавирусқа байланысты АҚШ-Қытай қайшылығы күшейе түскен кезде қытайлық жетекші басылымдардың бірі Global Times "Бейжің ядролық оқтұмсықтарды үш есе көбейту керек" деп мәлімдеді. Бұл туралы Қамшы тілшісі британиялық The Sun газетіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Қытайлық ірі басылым Global Times-тың жазуынша, Бейжіңнің әскери шенеуніктері ядролық қаруларды 300-ден 1000-ға дейін көбейтуі тиіс.
Басылым Вашингтонды Қытайға "әскери қысым жасады" деп айыптады, себебі АҚШ әскери кемелері Оңтүстік Қытай теңізі, Шығыс Қытай теңізі және Тайвань бұғаздарын басып өткен.

Қытай коммунистік партиясының мүшесі, бұрынғы әскери офицер, қазіргі Global Times-тың бас редакторы Ху Сижин "АҚШ-тың стратегиялық амбициясын шектеу үшін Қытай қысқа мерзімде өзінің ядролық оқтұмсықтарының санын 1000-ға дейін көбейтуі керек. Бейжің кемінде жүз дана DF-41 зымыранға ие болуы керек" деді. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай Ядролық қару

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір