11 Мамыр, 2020 NEWS
Көрнекі сурет
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов ойын-сауық орталықтарының қашан ашылатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
– Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2 мың шаршы метрге дейінгі азық-түліктен бөлек дүкендердің, сұлулық салондарының және балаларды дамыту орталықтарының ашылатынын мәлімдеді. Тұрғындардың саябақтар мен скверлерде серуендеуіне рұқсат беріледі. Парк жанындағы көңіл көтеру жұмыстарына шектеу қойылады, – деп түсіндірді Е. Тоғжанов брифингте.
Сонымен бірге, Е. Тоғжанов ойын-сауық орталықтарының жұмысын жандандыру бойынша көп сұрақ келіп түскенін айтты.
– Бұл кезеңде ойын-сауық орталықтарының, мейрамханалар мен қонақ үйлердің жұмысы іске қосылмайтынын мәлімдеймін. Бұл мәселе сәл кейінірек өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қарастырылады, – деді Е. Тоғжанов.
Оның айтуынша, елдегі КВИ жұқтырғандар үлесін 2 пайызға дейін азайтқанда ғана, ойын-сауық орталықтарын ашуға мүмкіндік бар.
Сондай-ақ ол Қазақстанда теміржол көлігінің қозғалысы әлі ашылмайтынын, төтенше жағдай режимінің тоқтағанына қарамастан блокпосттар әлі де сақталатынын айтты.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір