• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:54:55
Алматы
+35°

АҚШ президенті брифингте өзіне коронавирус тестілеуі туралы сұрақ қойған азиялық журналиске "оны қытайдан сұра!" деп жауап берді. Бұл туралы Қамшы тілшісі The Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ақ үйде өткен брифингте CBS News журналисі Вейджиа Цзян Трамптан коронавирус тестілеуін неліктен ғаламдық бәсекелестік ретінде есептейтінін сұрады. Трамп: " оны қытайдан сұра" деп жауап берді де, басқа журналистердің сұрақтарына көшіп кетті. Алайда тегі қытайлық тілші Цзян ханым президенттен бұл жауаптың неге ол үшін арнайы болғанын сұрады.

– Мен мұны ешкімге арнайы айтпадым. Мен бұны жағымсыз сұрақ қоятын кез келген адамға айтып отырмын, – деді Трамп. 

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Трамп Ақ үй

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір