• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 00:16:14
Алматы
+12°

ҚР Мемлекеттік хатшысы М.М.Тәжинге АШЫҚ ХАТ Құрметті Марат  Мұқанбетқазыұлы! Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесінің аяққа басылғаны сондай, оны кез келген көлденең көк атты мазаққа айналдыратын болды. Мемлекет өзінің қарым-қатынас  құралы ретінде қазақ тілін қорғай алмау арқылы мемлекеттік мәртебенің мазаққа ұшырап отырғанына назар аударатын мезгіл қашан тумақ?   Енді қазақ тілі мемлекет пен халықтың арасындағы қатынас  құралы есебінде қалыптаспағаны былай тұрсын, оны кейбір қаскөйлер елдегі ұлтаралық, этносаралық, адамаралық қатынастағы ең даулы нысанға айналдыруға шебер болып алды. Және бұл жағдайларда зардап шегетін де, жазаланатын да қазақ тілінің тұтушылары ғана болып отырғанын Сіз жақсы білуіңіз керек. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың,мекемелердің мемлекеттік қызметшілердің бұл тілді қорлағаны аздай, енді коммерциялық ұйымдар қазақтілді азаматтардың құқықтарын көрер көзге масқара ететін жағдайға душар болдық. Бұл жайт қазақтарды былай қойғанда, қазақтілді қазақстандықтардың өз елінде, өз жерінде күнделікті қорлану нормасына айналды. Мемлекет бұны көрмегендей кейіп танытып отыр. Бұдан әрі қазақтілді азаматтар өз тілі арқылы амалсыз азаматтық қорғанысқа көшуге мәжбүр болуда. Алайда бұл тәуелсіз Қазақстан үшін мемлекеттік міндеттің атқарылмай отырғанын әлемге жаятын жағдай екенін ескерте отырып, кеше ғана орын алған СКАТ әуе компаниясының қызметшілері елдегі белгілі журналист, беделді кәсіпкер, абыройлы азамат Жарылғап Қалыбайды моральдық соққыға жығып, қамауға алуға бәрін істеп баққанына бүкіл халық куә. Бұл оқиға елде біртілді ортаның дегені болып тұрғанын өзіміз түгілі әлемге көрсетіп отыр. Өзіңізге мәлім, бұдан бірнеше жыл бұрын қостілді, одан кейін үштілді білу арқылы монотілді монополистік ішкі саяси сипатты бұзуға бағытталған елбасы Н.Назарбаевтың бастамасы аяқасты қалды. Әлі күнге ең болмаса қоғамдық ортада қос тілді білуге тиісті мамандар мен қызметшілердің тізімін үкімет бекітпей келеді.  Көпэтносты Қазақстан үшін ішкі саясаттың арқауы болып табылатын тіл саясатының бірден бір жауапты әрі уәкілетті органының басшысы кездейсоқ тағайындалып, бұл саладағы мәселе қордаланған үстіне күрделене түсуде. Тіл комитеті - білікті де нақты шешім қабылдап, ахуалға сәйкес нәтижелі іс-шара ұйымдастыратын басшыға зәру ғана емес, мәртебесі түсініксіз орган. Оның үстіне тіл саясатына қатысты ұйымдар мен мекемелер Білім және ғылым, Мәдениет және ақпарат министрліктері мен облыс әкімдіктерінің арасында шашылып жүр, тиянақты да, тегеурінді тұтасқан саясат жүргізетін құрылым жүйесі жоқ.             Біз, Қазақстанның азаматтары ретінде де, қазақ халқының өкілі ретінде де бұдан ары мұндай қорлыққа шыдай алмайтынымызды ескертеміз. Мемлекет өз міндетіне, елдегі құқықтық-тәртіптік әділетке араласпаса, амалсыз азаматтық күш-жігерге жүгінеміз.Себебі, Қазақстанның бейбіт өміріне тіл мәселесін талғажау етіп, шырқын бұзуға итермелейтін  жағдайға қол қусырып қарап отыруға біздің дәтіміз шыдамайды. Ел – ортақ, жер – ортақ, Отан – ортақ.             Сізді елдегі идеологиялық ішкі саясат саласы бойынша құзыретті тұлға ретінде аталмыш оқиғаны болып өткен прецедент ретінде емес, елдегі ішкі саясаттың барынша ширыққан көрінісі есебінде бағалап, оның бұдан әрі күрделі жайттарға елді душар етпеуі жолында нақты шешім қабылдауға тиісті ұйымдар мен органдарды жұмылдырады деген соңғы үмітіміз қалды. Бұл үндеуді Н.Назарбаевтың «Бір ел, бір тағдыр, бір халық» тұжырымын қолдай отырып, егемен елдің келесі даму сатысына өту жолындағы азаматтардың жан дауысы деп ұғыңыз. Құрметпен, Қазақстан азаматтары: Серік Жолдасбай Сағат Жүсіп Серік Ерғали нұрғали жүсіпбай Төлен РАМАЗАНҰЛЫ РасулHYPERLINK "https://www.facebook.com/profile.php?id=100001971955237" HYPERLINK "https://www.facebook.com/profile.php?id=100001971955237"ЖHYPERLINK "https://www.facebook.com/profile.php?id=100001971955237"ұмалы ЭматИзмаганбетов СағынышМахадиева ӘбдіхалелНығмет Burkit Ahmet Alyaz АбзалҚұспан, адвокат, БҚОадвокаттаралқасыныңмүшесі СәулеМешітбайқызы НағашыбайҚабылбеков ЕрғазыСеитқали АнараЛатифқызы ҚұрманғалиНұрғали ӘділханҚыдырбай АйзатРақышева СерікСыздық РузаБейсенбайтегі Аязгул Темирова Қазыбек Құттымұратұлы Тасболат Арман Aisulu Tolek Бақ Қасымқызы Амангелді Құрметұлы ·  Сараш Қоңырбаева Сараш Сахиқызы  Сараш Қоңырбаева Рахатдин Оралбайұлы Тәжі   Rahymzhan Bazarbayuly Beknazar Қолдаймын !   Мұхтар Бақыт Mukhtar Bakhyt Нұрлан Сәдір Сәдір Нұрлан Қуанышұлы Ахметбек Нұрсила Ахметбек Нұрсила Orynbassar Begalina Орынбасар Абусағитқызы Бегалина Сәрсенбек Бейсенбекұлы Сәрсенбек Бейсенбекұлы Қасым Аманжолұлы Қасым АМАНЖОЛ Мақсат Ілиясұлы Мақсат Ілиясұлы Mukhambedia Akhmetov Мұхамбедия Ахмет-Төреұлы, Астана медицина университеті, профилактикалық медицина кафедрасының профессоры. Есболат Айдабосын Есболат Айдабосын журналист

 

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір