14 Мамыр, 2020 NEWS
gov.kz
Экономика салаларын жандандыруға арналған жаңа шаралар топтамасына сәйкес елде әуе және темір жол байланысы қайта іске қосылады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
13 мамырдан бастап Шымкент, Ақтау, Орал, Жезқазған, Балқаш, Үржар, Зайсан қалаларына әуе рейстері ашылады.
1 маусымнан бастап кезең-кезеңмен және өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жолаушылар пойыздары жүре бастайды.
Атап айтқанда, бастапқы кезеңде 54 пойыз іске қосылады, оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан – Алматы, Маңғыстау, Өскемен, Сарыағаш, Семей, Арқалық, Павлодар, Петропавл/Қызыл Ту, Орал, Жезқазған, Қызылорда;
- Алматы – Шымкент, Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау, Сарыағаш, Өскемен, Жезқазған, Урлальск, Петропавл;
- Қызылорда – Семей;
- Қостанай – Қарағанды, Арқалық, Алматы;
- Қарағанды – Жезқазған;
- Қызылорда – Көкшетау, Петропавл және қала маңы қатынастары бағыттары бойынша.
Жол жүру билеттерін сату 2020 жылғы 15 мамырдан басталады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір