14 Мамыр, 2020 NEWS
newsnn.ru
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірнеше шенеунік пара үшін ұсталғанын хабарлады.
Қостанай қаласында құрылыс бөлімінің басшысы "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында жағдайы төмен отбасыларға арналған пәтерлерді жеке тұлғалардан сатып алу келісімшарттарын рәсімдегені үшін жеке риэлтордан 800 мың теңге алды деген күдікке ілінді.
Атырау облысында Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары да пара алу үстінде ұсталған.
"Атырау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыс прокуратурасымен бірлесе отырып, Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу, сонымен қатар пара алу фактісі бойынша ұстады. Тергеу жұмыстары жалғасады" делінген хабарламада.
Талдықорған гарнизоны әскери полиция бөлімі штаб басшысының орынбасары пара алу дерегі бойынша ұсталған. Ол әскери бөлімшелерде тамақтануға қатысты кәсіпкерлік қызметке қамқорлық жасаған. Сол үшін пара алды деген күдікке ілінген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір