14 Мамыр, 2020 NEWS
myseldon.com
Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев Алматыда 700 орынға арналған жаңа инфекциялық госпиталь салынуы мүмкін екендігін мәлімдеді.
– Бізде 2 инфекциялық стационар жұмыс істеп тұр. Алайда екеуінде де инфекциялық бақылау талаптарына сәйкес желдету жүйесі толық жұмыс істемейді. Осыған байланысты қазір қала әкімдігі мен қала әкімінің жеке өзінің тарапынан барлық талаптарға сай келетін 700 орындық жаңа госпиталь салу туралы шара қабылданып жатыр. Бұл сауал мемлекет басшысының Алматыға сапары барысында көтерілді. Аталған сауал кезең-кезеңімен шешімін табатын болады, – деді Тілеухан Әбілдаев.
Басқарма басшысы кеңес кезінде салынған ауруханалардың барлығы дерлік талапқа сай еместігін баса айтты.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір