• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 21:09:28
Алматы
+12°

Диссертацияны қорғау кезіндегі жарияланымдарға қойылатын талаптар қайта қарастырылды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жариялады.

– ҚР Білім және ғылым министрлігінің тиісті бұйрығы ҚР Әділет министрлігінде тіркелді. Бұған дейін докторант қорғау кезеңіне дейін жету үшін 7 мақала жариялауы тиіс болатын. Бұл көрсеткішке қол жеткізу үшін докторанттар сапасы күмән тудыратын журналдарда жарияланымдар жасауға мәжбүр болды. Біздің ғалымдардың мақалалары халықаралық базалардан алынып тасталған, түкке тұрмайтын журналдарда жарияланған кездер де болды. Осыған байланысты біз бұл тәжірибені өзгерту жөнінде шешім қабылдадық, – деді министр.

Ол енді сапасы төмен журналдарда 7 мақаланың орнына, жоғары квартильге кіретін басылымдарда мақалалар жарияланса жеткілікті деп атап өтті.

– Ал бірінші квартиль құрамына кіретін журналдарда бір ғылыми мақала шыққан болса, өзге жарияланымдар талап етілмейді. Бұл шара сапасыз жарияланымдардың санын азайтып, жүктемені жеңілдетеді және ғалымдарды дәйексөздері таралу бойынша жоғары деңгейдегі оригиналды ғылыми мақалалар жазуға ынталандырады, – деп жазды А. Аймағамбетов.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір