• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Желтоқсан, 13:40:20
Алматы
+7°

Бүгін белгілі журналист Бейсен Құранбек 49 жасқа қараған шағында ауыр сырқаттан көз жұмды. Qamshy.kz ақпарат агенттігі марқұмның жазып кеткен кейбір тағылымды сөздерін оқырман назарына ұсынады.

" – Біздің байымыз кезінде арыстандай ақырып тұрушы еді. Қазір қатынынан қорықпай айқай салатын еркек бар ма өзі? – деді ойына ой түсіп кеткен апам.

– Қайтеді екен деп: «Әй, қатын!» деп айқай салдым, ас үйде жүрген келіншегіме. Айтарымды айттым ғой. Бірақ, ішім қылпылдап кетті, ренжіп қалмас па екен деп.

Содан ба, дауысым да түз тағысынікіндей ызбарлы емес, цирктегі аңның үніндей жалынышты шықты.

Соны байқап қойған апам: атаң айқайлағанда мен сүрініп, қабынып жетуші ем, сенің «әй, қатыныңнан» анауың селт етпеді де ғой деп күлді.

Апаммен арадағы жарасымды қалжыңның бірі ғой. Десе де, ойланып қалдым. Қазір біз еркектер тым сыпайы боламыз деп еркектік табиғатымызды ұйықтатып тастаған жоқпыз ба?"

(Бейсен Құранбек facebook парақшасынан)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір