22 Мамыр, 2020 Әлеумет
kazgazeta.kz
Бизнес-тренар Ахметбек Нұрсила Қазақстанда экстремистік деп танылған "ҚДТ" қозғалысының басшысы Мұхтар Әблязовка үндеу жолдады.
– Әблязов бауырыма айтарым бар. Айналайын, Мұхтар менің партияма кемінде миллион адам жиналады. Билік қаласа да, қаламаса да адамдар тіркеледі. Сені де қудаламаймыз. Саған қояр бір-ақ шартым бар. Алып кеткен ақшаңды елдің игілігіне жарат. Ата-бабаң қоныстанған елге орал. Ақшаңды халық игілігіне жұмсасаң ғана халық сені кешіреді деп ойлаймын. Қолдағы ақшаны сен Юпитер не Марстан алып кетпедің ғой. Ол қазақтың ақшасы еді. Соны сен халық игілігіне жаратсаң халық сені төбесіне көтереді, – дейді Ахметбек Нұрсила.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір