• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Желтоқсан, 13:43:27
Алматы
+7°

Британия премьер-министрі Борис Джонсон қытайлық Huawei компаниясының 5G желілерінің болуына қарсы болған консерваторлардың талаптарына келісуге мәжбүр болды және 2023 жылға қарай қытай компаниясының үлесін нөлге дейін төмендету жоспарын жасады. Бұл туралы Қамшы тілшісі The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Борис Джонсонның Huawei-дың нарықтағы үлесін 35%-ға төмендету туралы ұсынысы Британия парламентінде дауыс беруге салған кезде ойсырай жеңіліп, ұятқа қалуы мүмкін" деп жазды The Guardian. 

Британия премьер-министрі қазірге дейін 80 депутаттың қолдауымен басымдыққа ие болса да, бұл мәселеде ашық қарсылыққа дайын консерватор депутаттардың саны 50-ге жетті деп болжануда. Үкіметті жеңу үшін бұл жеткілікті, өйткені коронавирус дағдарысы кезінде қытайға қарсы пікір күшейіп келеді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір