• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:14:45
+12°
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 42500 теңге мөлшеріндегі төлем тағайындалмаған азаматтардың өтініштерін қарау алгоритмін реттейтін түзетулер енгізді.

Әлеуметтік төлемді ала алмағандар аудандық (қалалық) штабқа өтініш беруі қажет.

Өтініш беру тәртібі төмендегідей:

42500 теңгені алуға жұмыс орындары тарапынан өтініш берілген азаматтар үшін әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту туралы шешімді қайта қарау өтінішін де жұмыс орындары береді. Шағын және орта бизнес өкілдері, ірі кәсіпкерлер, коммерциялық емес заңды тұлғалар өтінішті әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған қызметкерлері үшін береді.

Әлеуметтік төлемді тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, бірыңғай жиынтық төлем төлеушілері, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін адамдар өтінішті өз бетінше береді.

Қажетті құжаттар тізбесі:

Қызметкерлері үшін құжаттар өткізетін жұмыс берушілер:

– жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберу туралы бұйрық;

– жұмыс берушінің ТЖ кезеңінде кірісін жоғалту фактісін растайтын құжаттар (банктік шоттардан үзінділерді қоса алғанда, қаржылық және өзге де есептілік, бухгалтерлік баланс және басқа құжаттар);

– мемлекеттік кірістер органдары қабылдаған декларация (МКК-мен салыстыру үшін, 200-нысан).

Жеке кәсіпкер және жеке практикамен айналысатын адамдар үшін:

– мемлекеттік кірістер органдары қабылдаған декларация (МКК-мен салыстыру үшін, 200-нысан);

– табыстың жоғалту фактісін растайтын құжаттар (банктік шоттардан үзінділерді қоса алғанда, қаржылық және өзге де есептілік, бухгалтерлік баланс және басқа да құжаттар).

Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін адамдар үшін:

– заңды тұлғамен жасалған жұмыстарды орындауға (қызмет көрсетуге) арналған АҚС шарты.

Ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейін аудандық (қалалық) штаб "42 500 теңге" әлеуметтік төлемін тағайындауға құқығы бар/жоғы туралы қорытынды шығарады.

Оң қорытынды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ бөлімшесіне беріледі, ол "Өтініш берушінің электрондық іс макетін" қалыптастырады және деректерді МӘСҚ филиалына береді. МӘСҚ филиалы әлеуметтік төлем тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Аудандық (қалалық) штабтың қорытындысымен немесе МӘСҚ филиалының шешімімен келіспеген жағдайда, өтініш беруші растайтын құжаттармен аудандық (қалалық) штабтың жұмыс органы арқылы облыстық (қалалық) штабқа жүгінеді.

Облыстық (қалалық) штаб «42 500 теңге» әлеуметтік төлемін тағайындау құқығының бар/жоғы туралы қорытынды шығарады. Оң қорытынды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бөлімшесіне және одан әрі МӘСҚ филиалына беріледі.

Карантин талаптарын ескере отырып, адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу мақсатында өтініштер 2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін қаралатын болады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: 42500 теңге

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір