• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 08:09:06
Алматы
+12°

30-ға жуық қарыз алушы бірқатар талаптармен Алматы әкімдігінің ғимаратына барды, деп хабарлады Vlast.kz .

Олардың талаптарының ішінде карантиндік шараларды алып тастау және қарыздарды қайтаруға болатындай жұмыстармен қамтамасыз ету шаралары бар. Қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев жиналғандарды қарсы алып, айтылған уәждерді қарастыруға уәде берді. Сонымен қатар әкімдіктің қызметкерлері митингіге шыққан белсенділерден қашықтық пен маска режимін сақтауды сұрады.

Митингіге қатысқандар Алматыда ұзақ уақытқа созылған карантин шараларының салдарынан киын жағдайға түскен қарыз алушылар. Олар әкімдік қызметкерлеріне мәселені шешуге кірісуді сұраған, өйткені жиналғандардың көбісінің мүліктерін банк "тартып ала бастаған".

Сондай-ақ, белсенділер әкімдікке бірқатар талаптар қойды. Олардың ішінде Такеева атты азамат Алматыда карантин шараларын алып тастау қажеттігін атап айтты. Өйткені карантин уақытында қарыз алушылар көп зардап шегеді.

Қатысушылар сонымен бірге қарыздарды уақытында қайтару үшін оларды жұмыспен қамтамасыз етуді талап етті.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір