26 Мамыр, 2020 NEWS
Reuters
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемияның екінші толқыны жуық арада болуы мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы Қамшы тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Кеше Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше жағдайлар жөніндегі басшысы Майк Райан онлайн-брифингте коронавирустың екінші толқыны алдағы айларда көптеген елдер үшін "шындыққа айналуы мүмкін" екенін мәлімдеді.
Доктор Райан "Екінші толқын туралы айтатын болсақ, әдетте аурудың алғашқы толқыны болады, содан бірнеше айдан кейін қайталанады. Бірақ біз аурудың кез келген уақытта өршуі мүмкін екенін білуіміз керек" деді.
– Адамдар коронавирустың таралуы төмендеп бара жатқандықтан, бәрі төмендей береді деп ойламауы керек. Кейбір елдерде тіпті алғашқы толқынның шарықтау шегі әлі болған жоқ, – деді Райан.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір