Көрнекі сурет
EGov mobile қосымшасында қолжетімді құжаттар саны арта түсуі мүмкін. Бұл азаматтар тарапынан келіп түскен ұсыныстар негізінде жүзеге аспақ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевтың сөзінше, қосымша тағы 11 қызметпен толығуы ықтимал.
"Өткен аптада eGov mobile қосымшасында болатын және тиісті заң қабылданған соң, қағаз құжаттардың заңды баламасы ретінде қолданылатын цифрлық құжаттар туралы жазба жариялаған едім. Қазір қосымшада бар құжаттардан басқа, тағы қандай құжаттардың смартфоныңызда болғанын қалайсыз деген сұрағыма сіздерден көптеген ұсыныс келіп түсті. Сол бойынша тізім жасадық:
1. Паспорт
2. Жүргізуші куәлігі
3. Студенттік билет
4. Көліктің техпаспорты
5. Әскери билет
6. Диплом
7. Қаруды пайдалануға берілген рұқсат
8. Зейнеткер куәлігі
9. Аңшылық билет
10. Мүгедектігі туралы куәлік
11. Жылжымайтын мүліктің техпаспорты
Осы құжаттардың бірқатарын мобильді қосымшаға енгізу үшін тиісті мемлекеттік органдарға хат жолдап, қажетті интеграцияны жүргізу мүмкіндігін қарастыруды ұсындық.
Ведомствоаралық комиссияның жақын уақытта өтетін отырысында бұл процесті жеделдету үшін аталған мәселені талқылауды жоспарлап отырмыз" делінген министрдің facebook-тағы жазбасында.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір