• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 09:30:22
Алматы
+35°

Ауыр атлетикадан Азия чемпионы және қола жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы және қола жүлдегері Бахыт Ахметов ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі.

Осыған дейін бұл қызметті 2016 жылдан бері Юрий Мельников атқарған еді. Бахыт Ахметов осыған дейін ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығында аға жаттықтырушы қызметін атқарған.

"2009 жылдан бері жастар командасын баптаған Бахыт Ахметовтың шәкірттері Олимпиада мен әлем чемпионаты, құрлықтық біріншілік пен халықаралық додаларда ел намысын абыроймен қорғап жүр. 41 жастағы маман Жазира Жаппарқұл, Александр Зайчиков, Карина Горичева, Альберт Линдер және Игорь Сон сынды спортшыларды ұлттық құрама сапына қосқан" делінген ақпараттық хабарламада.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір