• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 17:48:56
Алматы
+12°

2020 жылғы қаңтар-сәуір аралығында балалы отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету шеңберінде республикалық бюджеттен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жалпы сомасы 190 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен, бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақыны жалпы сомасы 13 млрд. теңгеге 111,5 мың адам, сәуірде 3,7 млрд теңгеге 31,4 мың адам алды.

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақыны орта есеппен 139,9 мың адам алады, оларға 11,9 млрд теңге төленді. Сәуір айында бұл жәрдемақыны 3,1 млрд теңгеге 140,7 мың адам алды.

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға төленетін ай сайынғы жәрдемақымен орта есеппен 233,9 мың әйел адам қамтылды, сәуір айында 234,5 мың адамға 4 млрд теңге төленді.

4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақымен орта есеппен жалпы сомасы 73,5 млрд теңгеге 384,9 мың отбасы қамтылған, сәуір айында 19 млрд теңгеге 396,5 мың адам жәрдемақы алды.

Мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдарға төленетін жәрдемақыны жалпы сомасы 15,8 млрд теңгеге 88,4 мың адам алды, сәуір айында 90 мың адамға 4,1 млрд теңге төленді.

18 жастан асқан бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасау бойынша ай сайынғы жаңа жәрдемақыны орта есеппен 14,4 мың адам алады, оларға 2,6 млрд теңге төленді, сәуірде 14,6 мың адамға 644,9 млн теңге төленді.

Болашақ ана босануға толық дайын болуы үшін 2008 жылдан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы жұмыс істейтін әйелдер жүктілік және босану үшін біржолғы төлем алады. 2020 жылы оны жалпы сомасы 25,9 млрд теңгеге 61,7 мың адам алды. Сәуір айында төлемді 4,9 млрд теңге сомасына 9,8 мың адам алды.

МӘСҚ-тан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы жүргізіледі. Ағымдағы жылғы қаңтар-сәуір айларында оны 31,1 млрд теңгеге 273 мың адам, сәуір айында 7,8 млрд  теңгеге 218,4 мың адам алды.

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір