31 Мамыр, 2020 NEWS
z-taraz.kz
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, профессор Гүлмира Серікбайқызы Президенттің саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құру жайлы тапсырмасы астарында терең мән бар дейді.
– Тарихтағы ақтаңдақ туралы студенттік жылдары оқып, ести бастадық. Қазақ ұлттық университетіндегі студенттік жылдар ел Тәуеліздігін алған кезбен тұспа-тұс келді. Журналистика факультетіне әдебиет теориясынан дәріс берген академик Зейнолла Қаболов ағайдың дәрістеріне алғаш рет алаш арыстары туралы дәрістерінде терең талдап, ұзақ бір сүйсініпен атап өтіп отырды. Асықпай баяу да сырбаз мақаммен оқитын академиктің әр дірісінен Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов сияқты алаш алыптарын ататтарын естіп, әдеби мұраларына сусындаған едік. Ұлттық кітапханадан алғаш жарық көрген алаш арыстары кітаптарын, еңбектер жинағын таласа-тармаса кезекпен оқуға асығып жүрдік, – деп атап айтты.
Ол өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеге жолдауында ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін зобалаңы тарихтың ең қайғылы да қастерлі шежіресі болатыны ащы шындық.
– Тәуелсіздіңтың алғашы жылдары нәубеттің құрбандарын мәңгі есте қалдыру шараларын халықтық деңгейде мемлекеттің қолдауымен орындалды. Президенттің саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құру жайлы тапсырмасы астарында терең мән бар. Бұл жазықсыз жазаланғандар есімін жаңа буын ұрпаққа аманат етуі, есімдерін мәңгі сақтауға деген саяси шешім.
Біздің академик, профессор ұстаздарымыз санамызға сіңірген Алаштың арыстары енді бүкіл елдің, ұлттың рухани коды. Әдебиеттің, саясаттың, экономиканың өркендеуі, қазақ елінің дамуы үшін аянбай еңбек, тер төккен, өмірін қиған бізге есімі беймәлім талай азаматтар ортамызға оралатынына кәміл сенемін, – деді Гүлмира Серікбайқызы.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір