• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:04:03
Алматы
+35°

Ресей Америкамен жаңа ғарыштық жарысты бастады. Мәскеу Ай мен Марсқа ғарышкер жіберуге мүмкіндік беретін орбиталық станция құру жоспарын жариялады. Бұл туралы Қамшы тілшісі британиялық The Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Роскосмос ғарыш агенттігінің басшысы Дмитрий Рогозин "біз алыс ғарышты зерттеу үшін станция құрып жатырмыз. Марсқа, Айға және астероидтерге ұшатын ғарыш аппараттарын орбитаға шығарамыз" деп мәлімдеген.

Ол АҚШ-тың ғарышқа қару-жарақ орналастыру жоспарларын айыптап "бізде оған жауап беретін зат бар" деп ескертті.

Сондай-ақ Ресей 2028 жылға қарай Айға ұшуды көздеп отырғанын және Марсқа жететін ауыр жүк таситын зымырандарға тапсырыс бергенін жариялады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір