• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 14:01:35
Алматы
+35°

Белгілі қытайтанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы Дүкен Мәсімханұлы Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтына директор болып тағайындалды.

Институттың бұрынғы директоры Әбсаттар Дербісәлі директордың кеңесшілігіне ауысты.

Дүкен Мәсімханұлы 1963 жылы Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өлкесіне қарасты Текес ауданының Шилөзек аулында туған.

1987 жылы Бейжіңдегі Орталық ұлттар университетін аудармашы-филолог мамандығы бойынша тәмәмдаған.

1987-1993 жылдары Үрімші қаласындағы СУАР гуманитарлық ғылымдар академиясының әдебиет институтында ғылыми қызметкер болып істеді. 1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің арнайы шақыруымен атамекенге келген. Қытайтанушы ғалым әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінде Қиыр шығыс елдері кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарған.

2002-2009 жылдары елордадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Шығыстану кафедрасының меңгерушісі, 2010 жылдан аталған оқу орнындағы қытай тілі кафедрасының меңгерушісі болған.

Филология ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013ж.).

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір