02 Маусым, 2020 NEWS
kaztag.kz
Шымкентте жаппай төбелес кезінде таяқ жеп, комаға түскен 17 жастағы Абзал Өткіров бас ми жарақатының ауырлығынан, ес жимаған күйінде қайтыс болды, деп хабарлады ҚазАқпарат.
А. Өткіров Түркістан облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне ауыр халде жеткізілген болатын.
"Науқас 23-ші мамыр күні түнгі сағат 01:55-те медициналық жедел-жәрдем қызметімен ауыр халде жеткізілген. Науқас ауыр жарақат алған болатын. Аурухана дәрігерлері жедел түрде науқасты тиісті медициналық тексеруден өткізіп, зерттеулер жүргізді. Науқастың миына қан кеткені анықталды. Жедел түрде ота – декомпрессивті трепанациясы жасалынды. Науқасқа алған жарақатына және жағдайының ауырлығына байланысты қажетті ем жансақтау бөлімінде көрсетілген. Оны ұзақ жолға алып шығу қауіпті болғандықтан, дәрігерлер Ұлттық ғылыми орталығының мамандарынан телемедицина арқылы кеңес алып, емдік шараларды жасады. Алайда 1-ші маусым түнгі сағат 23:45-те жасөспірім көз жұмды. Комада жатқан күйі ес жимай қайтыс болды", делінген басқарма хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін марқұмның туыстары 22 мамыр күні Шымкенттің іргесіндегі Маятас елдімекенінде жаппай төбелес болғанын айтқан. Онда болған екі жасөспірім соққы алып, 17 жастағы жасөспірім ауыр жарақатпен ауруханаға түскен.
Қазіргі таңда Шымкенттің полиция департаменті төбелеске байланысты қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізуде.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір