• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 10:57:17
Алматы
+12°

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов коронавирус инфекциясын жұқтырды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

– Тест нәтижесі Теміртау қаласы әкімінде коронавирустық инфекция барын растады. Қазіргі уақытта Ғалым Әшімов үйінде оқшаулануда. Дәрігерлер денсаулық жағдайын тұрақты деп айтты. Қала әкімі ешқандай әлсіздік жоқ екенін және 14 күн өзін-өзі оқшаулап, бақылауда болатынын айтты, – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Қазіргі уақытта қала әкімінің міндетін оның орынбасары Мирас Құттыбай атқаратын болады. Теміртау әкімдігінің аппараты штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша Теміртау қаласы басшысымен байланыста болған әкімдік қызметкерлерінің барлығы вирус жұқтырған.

Бүгінде Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар 956-ға жетті. Оның ішінде 3 науқас қайтыс болып, 255 адам сауыққан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір