• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 08:53:06
Алматы
+35°

03 Маусым, 2020 NEWS

Димаш Құдайберген: Барлығымыз Құдайдың алдына барамыз

Димаш Құдайберген афроамерикалық азаматтың өліміне қатысты пікір білдірді

Димаш Құдайберген

Жақында ғана полицейдің қолынан қаза тапқан афроамерикалық Джордж Флойд есімді азаматтың өліміне қатысты әнші Димаш Құдайберген өз пікірін білдірді. Бұл туралы ол өз Instagram желісінде жазба қалдырды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі

"Жаман ұлт болмайды, тек жаман адамдар болады. Олар кез келген жерде болды. Менің афроамерикалық достарым бар, олармен жақсы қарым-қатынастамыз, олар өте талантты. Әлемде расизмсіз елестетіп көріңізші! Барлық адам тең. Ерте ме, кеш пе барлығымыз Құдайдың алдына барамыз. Бүкіл әлемде бейбітшілік болсын, мұнда біз тек қонақпыз. Расизмге жол жоқ" делінген әнші жазбасында.

Естеріңізге сала кетсек, афроамерикалық Джордж Флойдтың өлімінен кейін АҚШ-та ереуілдер басталған.

">

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір