• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 06:06:16
Алматы
+35°

Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Halyk» қайырымдылық қорынан бөлінген гуманитарлық көмек Көксу ауданының аз қамтылған көмекке мұқтаж жандарға таратылды. Бұл туралы Көксу ауданы әкімдігінің instagram парақшаында хабарланды.

Аудан бойынша көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға, төменгі зейнетақы алатындар мен мүгедек санатына жатқызылған 100 отбасыға 3 қораптан, жалпы 300 қорап азық-түлік пен 500 литр күнбағыс майы табысталды.

а

Берілген жинақ құрамында ұн, макарон, өсімдік майы, күріш, қарақұмық, қант, шай мен тәттілер бар. «Halyk» қайырымдылық қорынан келген азық-түлік жинағын, аудан еріктілері мекен-жай бойынша әрбір отбасыға жеткізіп берді.

Айта кеткен жөн, төтенше жағдай жарияланғалы Көксу ауданы бойынша жеке кәсіпкерлердің қолдауымен 862 отбасыға 9 млн 500 мың теңгеден астам қаржыға әлеуметтік азық-түлік таратылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір